Италияда күшті желдің салдарынан 7 адам қаза болды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Италияда күшті желдің салдарынан құрбан болғандар саны 7 адамға жетті. Бұл туралы кеше жергілікті Messaggero басылымы хабарлады.
Басылымның жазуынша, адамдардың өліміне негізінен ағаштардың құлауы ссбеп болған. Италияның солтүстігіндегі облыстарының бірі Венетода желдің күші сағатына 130 км-ды құраған.
Төтенше жағдайға байланысты губернатор Лука Дзайя өңірде төтенше жағдай жариялады.