Италияда қылмыстық топтарға қарсы операция кезінде 163 адам қолға түсті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Италия полициясы "Ндрангета" деп аталатын елдегі ең ірі мафиялық топқа қарсы операция кезінде 163 адамды қолға түсірді, деп хабарлады Би-би-си.

Италияда қылмыстық топтарға қарсы операция кезінде 163 адам қолға түсті

Құқық қорғау қызметкерлері тұтқындау шараларын елдің Эмилии-Романье, Ломбардия, Пьемонте, Венето, Калабрия және Сицилия сынды алты облысында жүргізген.

"Ндрангета" кокаин саудасымен айналысады. Сондай-ақ, полицейлер олардың елдің солтүстігінде ақша бопсалау, қаржылық алаяқтық сынды қылмыстарға қатысы бар деп санайды.