17:46, 10 Қазан 2012 | GMT +5
Италияда мафиямен байланысы үшін қаланың әкімшілігі түгелімен қызметтерінен босатылды
АСТАНА. 10 қазан. ҚазАқпарат - Италияның Үкіметі мафиямен байланысы үшін Реджо-ди-Калабрия қаласының әкімшілігін отставкаға жіберді, деп хабарлайды ВВС.

Шешім қалалық шенеуніктердің Италиядағы ең мықты қылмыстық топтардың бірі болып саналатын «Ндрангетемен» байланысы бар екені туралы мәлім болғаннан кейін қабылданды. Италияның ішкі істер министрі Анна Мария Канчелльери мәлімдегендей, мафияның шаһарды өз бақылауына алуын болдырмау үшін қаланың мэрі мен қалалық кеңестің барлық 30 мүшесі қызметтерінен босатылды.
Жаңа әкімшілікті сайлау бір жарым жылдан кейін болады. Ол уақытқа дейін қаланы үкімет тағайындаған 3 комиссар басқарады.
Айта кетейік, Реджо-ди-Калабрия қаласы осы аттас елді мекеннің әкімшілік орталығы болып табылады. Қалада шамамен 180 мың тұрғын тұрады.