Италияда Mail.ru порталына шектеу қойылды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Рим прокуратурасы Италияның барлық аймағында ресейлік Mail. Ru порталына шектеу қойды. Бұған авторлық құқық туралы заңды бұзуы себеп болып отыр.
Eyemoon Pictures кинокомпаниясының бастамасымен тергеу жүргізілу барысында Mail. Ru және басқа 23 интернет-хостинг авторлық құқықты бұзғаны анықталды. Атап айтар болсақ, ресейлік порталда студияның екі мультипликациялық фильміне (Fruitvale Station мен The Congress) заңсыз сілтеме қойылған екен, деп жазады шетелдік БАҚ.