Италияда Микеланджелоға арналған көрме ашылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қайта өрлеу дәуірінің атақты шебері қайтыс болғаннан соң 450 жыл өткеннен кейін Моденада Микеланджело мұрасына арналған көрме ашылды.

Италияда  Микеланджелоға арналған көрме ашылды

Көрмеден Микеланджело Буонароттидің еңбектерінен шабыт алған XX ғасыр суретшілерінің шығармаларын көруге болады. Суретшілер, мүсіншілер, фотографтар, режиссерлер Классикалық Ренессансқа өз көзқарастарын ұсынбақ, деп хабарлады Euromag.

Сондай-ақ көрермендер назарына белгілі режиссер Микеланджело Антонионидің "Микеланджело көзқарасы" қысқа метражды фильмі де ұсынылады.