Италияда нөсер жауынның соңы су тасқынына ұласты

Венеция билігі су тасқынын тоқтату үшін лагунадағы мобильді бөгетті іске қосуға дайындалып жатыр. Өзен жанында тұратын адамдарға суды қызықтаймын деп төменгі қабаттарда қалып қоймауды ескертті.
«Ақылға келіңіздер, апат трагедияға айналып кетпес үшін су көремін деп жеке қауіпсіздігіңізді ұмытып кетпеңіз», - деді Чезена мэрі Энцо Латтука теледидар арқылы сөйлеген сөзінде.
Италияның солтүстік-шығысындағы Равенна туристік қаласының билігі де халықты ғимараттың жоғарғы қабатына шығуға шақырды.
Адриат теңізі жағасындағы Риччон қаласының мэрі де судан жүзіп өту үшін қайық және басқа құралдарды пайдаланбауға шақырды.
Елдегі нөсер жауын мен жел жақын күндері тоқтамайды.
Эмилии-Романьеде жоғары қауіп дәрежесі (қызыл) енгізілді. Жауын салдарынан пойыздардың қозғалысы тоқтап, мектептер жабылды.