Италияда Сильвио Берлусконидің отставкасын талап еткен акция өтті

АСТАНА. 7 ақпан. ҚазАқпарат - Италияда Сильвио Берлусконидің отставкасын талап еткен акция өтті,
None
None

деп хабарлайды «Маяк» радиосы.

Үкімет басшысының вилласы орналасқан Милан іргесіндегі Аркоре қаласында жексенбі күні өткен манифестке бірнеше мыңдаған адам қатысты.

Popolo violo қоғамдық қозғалысы ұйымдастырған бұл акция Берлускониге қатысы бар сексуалдық жанжалға байланысты кезекті наразылықтары болып табылады. Осының алдында ғана Флоренция да бірнеше мыңдаған адам осындай шара ұйымдастырып, «Италия бордель» емес деп ұрандатқан болатын.

Соңғы жаңалықтар