Италияда сыйлық алу үшін орман өртеп жүрген өрт сөндірушілер тұтқындалды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Италия полициясы 15 ерікті өрт сөндірушілерді тұтқындады. Олар қосымша табыс табу үшін Сицилияда қасақана өрт шығарып жүрген, деп хабарлайды БЕЛТА.

Италияда сыйлық алу үшін орман өртеп жүрген өрт сөндірушілер тұтқындалды

Тергеу жұмыстарынан соң 2015 жылы бір топ өрт сөндірушілердің Санта-Кроче-Камерина аймағында өртті қасақана ұйымдастырып жүргендігін анықтады. Бұдан соң олар оқиға орнына жұмысқа шығатын болған. Олар өрт сөндіру жұмыстарының 1 сағаты үшін 10 евро алып келген.

Өрт сөндірушілердің арам пиғылдары басшылықтың өзге бөлімшелермен салыстырғанда өрт оқиғаларының шектен тыс көп болатындығына назар аударып, істің мән-жайын анықтай бастағанда белгілі болған. Әзірге өрт сөндірушілерге қандай жаза қолданылатыны белгісіз, алайда олар қамауға алынып, сот шешімін күтіп отыр.