Италияда тағы да жер сілкінді
РИМ. Сәуірдің 10-ы. ҚазАқпарат – Бейсенбі күні кешке Италияның орталық өңірінде тағы да жер сілкінді,
деп хабарлайды ҚазАқпарат «РИА «Новости» агенттігіне сілтеме жасап. Жергілікті уақыт 20.37-де (астана уақыты бойынша 01.37) сәуірдің 6-сында қуатты зілзала болып, оның салдарынан 280 адам опат болған Абруццо облысында жаңадан жер асты дүмпулері тіркелді. Сағат 21:39-да (астана уақыты бойынша 02.39) тағы да қуатты жер сілкінісі болған. Зілзала Римде анық сезіліп, ондағы жоғарғы қабаттағы пәтерлерде аспашамдар тербеліп, жиһаздар орындарынан қозғалған.Абруццода бейсенбі күні бірнеше рет жер асты дүмпуі болған еді, олардың ең қуаттысы Рихтер бағамы бойынша 5,2 баллды шамалаған.