Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Италияда тағы да жойқын жер сілкінісі болды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бейсенбіге қараған түні Орталық Италияда жергілікті уақытпен 01:35-те күшті жерасты дүмпуі болды. Жер бетінің ауытқуы Римде анық байқалды, деп хабарлайды РИА Новости.

Италияда тағы да жойқын жер сілкінісі болды

Италиядағы жер сілкінісінен жер бетінің пішіні айтарлықтай өзгерді.

Италия геофизика және жанартаутану ұлттық институтының мәліметтеріне сүйенсек, бұл жер сілкінісінің магнитудасы 4,8 болған, эпицентрі Мачерата провинциясында орналасқан. Құрбандар мен зардап шеккендер жайлы әзірге еш ақпарат жоқ.

Сонымен қатар, АҚШ Геологиялық қызметі (USGS) Пьеве-Торина коммунасының оңтүстік-батысына қарай 4-шақырымда магнитудасы 5,0 болған жер сілкінісі жайлы хабарлады.