Италияда "Тур де Ски" жарысының 7-кезеңі өтуде
ерлер арасында 35 шақырымдық 15 шақырымдық із кесу сайысы өтті. Онда әйелдер арасында қазақстандық Елена Коломина мәре сызығын 35-боп кесіп өтті. Ол жалпы есепте де 35-орында тұр. Еленаның командаластарынан Татьяна Осипова 47-ші, Марина Матросова 49-шы, Оксана Яцкая 50-ші орынға табан тіреді.
Ерлер арасында қазақстандықтардан бұл сайысты Евгений Величко 39-шы, Николай Чеботко 41-ші, Геннадий Матвиенко 48-ші, Ердос Ахмадиев 58-ші боп аяқтады. Олар жалпы есепте де осы орындарын сақтауда.
9 кезеңнен тұратын 11 күндік бұл байрақты бәсекенің жалауы 29 желтоқсанда Германияның Оберхофесінде көтерілген болатын. Халықаралық шаңғы федерациясының қамқорлығымен дәстүрлі түрде жыл сайын өтетін бұл жарыстың авторлары - Олимпиаданың 3 дүркін чемпионы Вегард Ульванг мен Халықаралық шаңғы федерациясының Бас атқарушы директоры Юрг Каполь.