Италияда «Үлкен жетілік» саммиті өтіп жатыр

7G
Фото: g7italy.it/en/

АСТАНА. KAZINFORM – Биыл «Үлкен жетілікке» төрағалық ететін Италияның ұйымдастыруымен Борго-Эгнацияда (Италия) «G7» саммиті өтіп жатыр.

Саммитке Еуропалық Одақ атынан Еуропалық Кеңес төрағасы Шарль Мишель және Еуропалық Комиссия президенті Урсула фон дер Ляйен қатысады.

Еуропалық Кеңесте атап өткендей, Апулиядағы саммит «Үлкен жетілік» көшбасшыларына заң үстемдігіне негізделген халықаралық тәртіпті қолдауға және дамушы елдермен қарым-қатынасты нығайтуға берік ұстанымдарын көрсетуге мүмкіндік береді.

https://www.g7italy.it/en/
Фото: g7italy.it/en/

Алты жұмыс отырысы барысында қаралатын негізгі мәселелер:

Африка, климаттың өзгеруі және даму

Таяу Шығыстағы қазіргі жағдай

Украинадағы жағдай

көші-қон

Үнді-Тынық мұхиты аймағы және экономикалық қауіпсіздік

жасанды интеллект, энергетика, Африка және Жерорта теңізі.

Сондай-ақ Италия төрағалығы 12 ел мен 5 халықаралық ұйымның басшыларын саммит барысындағы кейбір жұмыс сессияларына қатысуға шақырды.

Саммит соңында көшбасшылар коммюнике шығарады деп күтілуде.

Соңғы жаңалықтар
telegram