Италияда ұрланған мотоцикл Петербургтен бір-ақ шықты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Санкт-Петербургте полицейлер Италияда ұрланған мотоциклді тапты. Бұл туралы Ресей ІІМ ресми өкілі Ирина Волк хабарлады.

Италияда ұрланған мотоцикл Петербургтен бір-ақ шықты

32 жастағы жергілікті тұрғын жүргізіп келе жатқан  мотоциклді Петербургтегі Адмиралтейский ауданында Мемлекттік жол қауіпсіздігі инспекциясының қызметкерлері тоқтатқан.

Тексеру барысында байк 2012 жылдан бері Италия құқық қорғау органдарының іздеуінде екендігі анықталды

Ер адам мотоциклді интернет-сайттағы жарнама арқылы 800 мың рубльге сатып алғандығын түсіндірді. Көлік құралын оған Саратовтан жеткізіп берген. Қазір полиция тексеру жұмыстарын жүргізіп жатыр.