Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Италияда үскірік аяз көптеген қолайсыздықтар тудырды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қардың әдеттегіден мол көлемде түсуі мен үскірік аяз Италияның орталығы мен оңтүстік бөлігінде көптеген қолайсыздықтар тудырды. Ондағы Абруццо өңірінде 300 мыңға жуық адам жарықсыз қалды, деп жазады utro.ru.

Италияда үскірік аяз көптеген қолайсыздықтар тудырды

Ауа райының қолайсыздығынан Адриатика теңізінің жағалауындағы өңірлер қатты зардап шегіп отыр. Онда қалың қар мен ауа температурасының шектен тыс төмендеуіне байланысты мектептер мен жолдар жабылып, электр қуатын тарату желілері үзіліп жатыр.

Абруццода ауа райының салдарымен күреске әскери адамдар жұмылдырылды. Қазіргі таңда онда жиналып қалған қардың қалыңдығы 1 метрден асады.

Апулия өңірінің оңтүстік аумағында суықтан бір адам мер болған. 67 жасар азамат өзінің көлігінде қатып қалған.

Ауа райы болжамдары бойынша, қар мен үскірік аяз Аппенин аймағында кемінде бейсенбіге дейін жалғасады.