Италияда жаңа оқу жылы мектеп оқушыларының наразылық акциясымен басталды

АСТАНА. Қыркүйектің 13-і. ҚазАқпарат - Бүгін Италияның 100 қаласының оқушылары биылғы жаңа оқу жылын мемлекеттік мектептерді қаржыландырудың қысқартылуына қарсы наразылық акциясымен бастады, деп хабарлайды Вести.Ру.
None
None

«Оқушылар үндеу парақшаларын таратты, сондай-ақ «білім министрі Мариастелла Джельмини мен қаржы министрі Джулио Тремонтидің саясатынан қираған мектеп сынықтарынан қорғану үшін» бастарына символдық мақсатта сары түсті каскалар киіп алды», - деп хабарлайды «Оқушылар одағы» мен «Студенттер желісі» ұйымдарының өкілдері.

Сондай-ақ, жалпыұлттық ереуіл өткізілетін күні мерзімі де бүгін нақтыланатын болады.

Бүгінгі өткізіліп жатқан акция - оқытушылар мен төменгі және орта мектеп оқушылары қозғалысының өткен жылғы мемлекеттік білім беру мекемелерін қаржыландыруды қысқартуды көздейтін мектеп реформасына қарсы ұйымдастырылған наразылықтың жалғасы ретінде бағаланып отыр. Білім министрі Мариастелла Джельминиге «мемлекеттік білім беру жүйесін заңды жолмен құртушы» деген айып тағылуда.

Соңғы жаңалықтар