Италияда жаңа үкімет құрамы жасақталды, олардың тең жартысы нәзік жандылар

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ел президенті Италияның премьер-министрі лауазымына тағайындаған демократиялық партияның көшбасшысы, Флоренцияның әкімі Маттео Ренци жаңа министрлер кабинетінің тізімін ұсынды, деп хабарлады Би-Би-Си.

Италияда жаңа үкімет құрамы жасақталды, олардың тең жартысы нәзік жандылар

Бірнеше күн бойы Ренци коалиция құрамына кіретін түрлі фракциялармен келіссөздер жүргізді.

Экономика министрінің орынтағы Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының басшысы Пьер Каро Падоанға ұсынылды.

Ренцидің ұсынысы бойынша жаңа министрлер кабинетінің тең жартысына әйелдер қауымы жайғаспақ.

Өткен аптаның соңында партия кабинетке сенбеушілік вотумын білдіргеннен кейін елдің бұрынғы премьер-министрі Энрико Летта отставкаға кеткен, ол 2013 жылғы сәуірден бастап итальяндық үкіметті басқарды. Сол уақытта Италия президенті Джорджио Наполитано оған 2013 жылғы 24-24 қаңтардағы сайлаудан кейін қалыптасқан дағдарыс жағдайына нүкте қою үшін министрлер кабинетін басқаруды ұсынған. Онда бірде-бір партия үкімет қалыптастыру үшін жеткілікті дауыс жинай алмады.

Ренци мен жаңа министрлер кабинеті 2014 жылғы 22 ақпанда ант қабылдайды деп күтілуде.