Италияда жаңа үкімет жасақталды

РИМ. 28 сәуір. ҚазАқпарат - Бірнеше кеңесуден кейін премьер-министрдің мандатын ресми түрде қабылдаған Италия Демократиялық партиясының вице-хатшысы Энрико Летта Италияның жаңа үкіметін жасақтады.
None
None

Э.Леттаның үкіметінің құрамына 21 министр енді. Вице-премьер және Ішкі істер министрлігінің басшысы «Бостандық халқы» партиясының хатшысы Анджелино Альфано болды. Экономика министрі болып танымал экономист, Италия Орталық банкінің бас директоры Фабрицио Саккоманни тағайындалды. Сыртқы істер министрі лауазымы бұрыңғы еурокомиссар Эмма Бониноға бұйырды. Қорғаныс министрлігінің басшысы болып 2004-2009 жылдар аралығында Еуропарламент төрағасының орынбасары лауазымын атқарған Марио Мауро тағайындалды.
Жексенбі, 28 сәуір күні президенттік Квиринал сарайында үкіметтің жаңа мүшелері Италия президентінің алдында ант қабылдайды.

Соңғы жаңалықтар