Италияда жер сілкінісі құрбандарының саны 73-ке жетті
АСТАНА. ҚазАқпарат - Италия орталығында қуатты жер сілкінісі болды. Оқиға салдарынан қаза тапқандар саны 73 адамға жетті, деп жазады ТАСС.
Италия азаматтық қорғаныс қызметі әзірге ресми түрде жаңа деректер жарияламады. Бұдан бұрын апат құрбандары 63 делінген болатын.
03.36-да 6,0 магнитудалы жер асты дүмпуі болды, сосын артынша 5,4 магнитудалы екінші дүмпу орын алды. жер сілкінісі италияның ірі қалалары - Перудже, Риети, Норчеде сезілді.
Тауға жақын орналасқан Аматриче, Пескара-дель-Тронто, Аккумоли елді мекендері көп зардап шекті.