Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Италияда жер сілкінісіне байланысты қаралы күн жарияланды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Италияда сенбіде қуатты жер сілкінісінің құрбандарына ұлттық аза тұту күні жарияланды. Бұл туралы ресейлік ТАСС агенттігі хабарлады.

Италияда жер сілкінісіне байланысты қаралы күн жарияланды

«Ертең, 27 тамызда, Асколи-Пиченода басшылық өкілдерінің қатысуымен жерлеу рәсімі өтеді. Осыған орай Министрлер кеңесі ұлттық аза тұту күнін жариялады», - делінген ресми мәлімдемеде.

Жер сілкінісінен 268 адам қаза тапты, оның үшеуі британдық. 387 адам зардап шекті. Екі мыңнан астам адам баспанасыз қалды.