Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Италияда жер сілкінісінен кейін 5 күннен соң үйінді астынан мысық тірі табылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Жер сілкінісінен зардап шеккен Аматриче қаласында құтқарушылар үйінді астынан мысық тапты. Жануар тірі, үйінді астында бес күн жатқандықтан, тек шөлден зардап шеккен.

Италияда жер сілкінісінен кейін 5 күннен соң үйінді астынан мысық тірі табылды

Мысық иесі өрт сөндіру қызметінен үйінің орнын іздеуді өтінген. «Өтініш, мысығымды тауып беріңдерші. Одан басқа ешкімім жоқ», - деді әйел.

Бульдозер үйіндіні тазалап жатқанда, өрт сөндірушілер мысықты тауып алды. Тірі қалған жануар ветеринарға көрсетілді, деп жазды    Росбалт.

24 тамызда Италияда қуатты жер сілкінісі орын алды. Бірнеше қалалар зардап шегіп, 292 адам қаза тапты, 400-ден астам адам зардап шекті. 2,5 мыңнан астам адам баспанасыз қалды. Шығын 1 млрд еуроны құрады.