Италиядағы алапат тасқын: 11 облыста төтенше жағдай жарияланды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Италия министрлер кеңесі толассыз жауған жаңбыр мен су тасқынынан зардап шеккен елдегі 20 облыстың 11-іне төтенше жағдай жариялады. Бұл туралы хабарлама бейсенбі күні Италия үкіметінің сайтында жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Италиядағы алапат тасқын: 11 облыста төтенше жағдай жарияланды

Аталып өтілгендей, төтенше жағдай 2 қазаннан бері табиғи апаттан зардап шеккен өңірлерге енгізілді. Атап айтқанда, Калабрия, Эмилии-Романье, Фриули-Венеция-Джулия, Лацио, Лигурия, Ломбардия, Сицилия және Сардиния аралдары, Тоскана, Венето және Трентино - Альто-Адиджада.

Үкімет табиғи апаттың келтірген залалын жою үшін €53,5 млн бөлді. Тағы €200 млн таяу уақытта бөлінеді.

Аймақ өкілдері бұл қаржының жетіспейтіндігін мәлімдеді. Инфрақұрылым және көлік министрі Данило Тонинеллидің алғашқы бағалауы бойынша, Апеннинамда келтірілген залал 3 млрд еуроны құрап отыр.

Табиғи апаттың салдарынан 30 адам мерт болған. Алапат дауылдан миллиондаған ағаш құлап, курорттар мен туристік порттар қираған. 

Фото: Matteo Nardone/ZUMAPRESS.com/Global Look Press