Италиядағы қонақ үйді қар көшкіні басып қалды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Италияның орталығындағы қонақ үйді қар басып қалды, деп хабарлады бүгін Reuters агенттігі.
Жайсыз оқиға сәрсенбі, 18 қаңтар күні орын алды. Қар көшкіні Абруццо өңіріндегі Пескара провинциясындағы «Риджопиано» қонақ үйіне түсті.
Қазіргі таңда 3 адам із-түссіз жоғалғандардың қатарында. Алайда өзге мәліметтер бойынша, қонақ үйді қар көшкіні басқан тұста онда 20 адам тұрып жатқан.
Билік өкілдері оқиғаның мән-жайын анықтауда. Оқиға орнына құтқарушылар жіберілді.