Италиядағы көпкүндік: «Астана» велокомандасының өкілі екінші орында келеді
АСТАНА. 12 наурыз. ҚазАқпарат - Италия жолдарында өтіп жатқан "Тиррено-Адриатико" көпкүндік жарыстың 5-кезеңінде «Астана» велокомандасының өкілі, чехиялық Роман Кройцигер екінші келді.
Бесінші кезеңнің жеңімпазы Liquigas-Cannondale командасының өкілі итальяндық Виченцо Нибали болды. Ол өзінің ізімен келе жатқан қарсыластарынан мәреге жете берер тұста оқ бойы оза шықты.
Басты классификация бойынша көштің басында RadioShack-Nissan командасының өкілі Кристофер Хорнер тұр. Осы тізімнің екінші орны әзірге «Астана» командасының мүшесі Роман Кройцигерге бұйырып тұр.