Италиядағы Матера қаласы 2019 жылғы Еуропалық мәдени астана атанды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Оңтүстік итальяндық Базиликат облысындағы ежелгі Матера қаласы жұма күні халықаралық қазылардың шешімімен 2019 жылғы Еуропалық мәдени астана болып жарияланды, деп хабарлады Италияның мәдениет министрлігі.

Италиядағы Матера қаласы  2019 жылғы Еуропалық мәдени астана  атанды

Құрамына алты итальяндық, жеті шетелдік тәуелсіз сарапшылар кіретін қазылар шешімі Италия мәдениет министрі Дарио Франческиниге берілді.

Матера енді қаланы дамытуға 30 миллион еуро алады деп күтілуде.

Ежелгі Матераның көркі мен ерекше табиғаты кинематографистердің назарына ілігіп келеді. Қалада ондаған фильм түсірілді, оның ішінде Пьер Паоло Пазолинидің классикалық "Евангелие от Матфея" және Мел Гибсонның "Страсти Христовы" туындылары бар.