Италиядағы президенттік сайлау: үшінші және төртінші турлар нәтижесіз аяқталды

РИМ. 20 сәуір. ҚазАқпарат - 18 сәуірде басталған Депутаттар палатасы мен Сенаттың бірлескен отырысында Италиядағы президенттік сайлаудың үшінші және төртінші турларының қорытындысы бойынша бірде-бір үміткер жеңіске қажетті дауыстардың үштен екісін жинай алмады.
None
None

Үшінші турдағы дауыс беруде «5 жұлдыз қозғалысы» ұсынған солшыл топтар арасындағы танымал заңгер және саясаткер Стефано Родота (249 дауыс) көшбасшы болды. Ол алғашқы екі турда тиісінше 240 және 230 дауыс жинаған болатын.

Төртінші тур басталар алдында «Халық бостандығы» партиясының көшбасшысы Сильвио Берлускони оның партиясы дауыс беруге қатыспайтынын мәлімдеді. Оған «Солтүстік лигасындағы» одақтастары қосылды. Соның нәтижесінде дауыс беруге 300 адам қатыспады. Екі саяси күш те Италияның бұрынғы премьер-министрі, Еурокомиссияның экс-төрағасы Романо Продидің кандидатурасына үзілді-кесілді қарсы шықты, ол жұма күні президенттік додадан өзінің кандидатурасын алып тастады.

Дегенмен Р.Проди дауыс берудің төртінші турында көшбасшы болды. Ол 395 дауыс жинады. Екінші орында С.Родота (2013 дауыс).

Бұдан бұрын ҚазАқпарат хабарлағандай, дауыс берудің екі турының қорытындысымен президентті сайлаудың реті келмеді. Егер бірінші үш турда үміткерлер кемінде 672 дауыс жинау қажет болса, төртінші турдан бастап олар 504 басым дауыс жинаса жеткілікті.

Бірінші турда сенаттың бұрынғы төрағасы Франко Марини (521) ең жоғары қолдауға ие болды. Екінші кезеңнің барысында бюллетеньдердің көпшілігі толтырылмастан қалды. Бұл жолы С.Родота көбірек дауыс жинады.

Дауыс беру бүгін жалғасады.

Президент сайлауы елде 24-25 ақпанда өткен парламенттік сайлаудың нәтижесінде туындаған саяси дағдарыс жағдайында өтуде. Қазіргі президент Джорджо Наполитаноның өкілдігі осы жылғы мамырда аяқталады. Жергілікті талдамашылар республика президентін сайлаудан кейін жағдайға қалыпқа келеді деп санайды. Олай болмаған жағдайда жаңа мемлекет басшысы парламентті таратып, қайтадан парламент сайлауын тағайындауы мүмкін.

Соңғы жаңалықтар