Италиялық әлемде алғаш рет алтыннан аяқ-киім жасады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Турина қаласындағы италиялық аяқ-киім шебері Антонио Вьетри әлемде алғаш рет 24 караттық таза алтыннан туфли жасады, деп хабарлайды «Российская газета».

Италиялық әлемде алғаш рет алтыннан аяқ-киім жасады

Мокасиндер қара және көк түсті күдеріден тігіліп, терінің көмегімен алтын, күміс және платинамен безендірілген

Әрбір аяқ-киім жұбында 230 гр. алтын бар. Аяқ-киім тапсырыспен 3D-сканерлеу технологиясының көмегі арқылы жасалады.

Gold коллекциясында ұсынылған ер кісілердің туфлиін 25 мың еуроға сатып алуға болады. Ал, әйелдердің биік өкшелі туфлиі сатылымға осы жылы шығады, оның құны 30 мың еуроны құрайды.

Қазіргі таңда Вьетри аяқ-киімдерін БАӘ, Катар және Сауд Арабиясы секілді Парсы шығанағында орналасқан елдерге апаруды көздеп отыр.