Италиялық флейташы Джузеппе Нова Астана сахнасында өнер көрсетеді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Италиялық флейташы Джузеппе Нова Астана сахнасында өнер көрсетеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат қала әкімдігінің сайтына сілтеме жасап.

Италиялық флейташы Джузеппе Нова Астана сахнасында өнер көрсетеді

8 қарашада Қазақ ұлттық өнер университетінің Ж. Жабаев атындағы концерт залында «Сиқырлы флейта» атты концерті өтеді.

Астаналық көрермендеріне арнап италиялық  флейташы Джузеппе Нова жеке концерт қояды.

Концерт мемлекеттік «Солистер академиясы» оркестрінің сүйемелдеуімен өтеді деп күтілуде.

Дирижердің мінбесіне танымал аустриялық дирижер Эрнест Хойцел шығады. Концерттің бағдарламасында флейтаға арналған Девьеннің № 7 және  Бетховеннің №4 симфониясы бар.