Италиялық мейірбике өзіне ұнамаған 38 науқастың түбіне жеткен

АСТАНА. ҚазАқпарат - Италияның Равенна провинциясының Луго ауруханасында мейірбике болып қызмет атқарған Даниэла Поджиалиге 38 адамның өліміне себепкер болды деген айып тағылып отыр, деп жазады РИА Новости.

Италиялық мейірбике өзіне ұнамаған 38 науқастың түбіне жеткен

Тергеу 78 жастағы Роза Кальдеронидің жеңіл сырқатпен түсіп, қаза тапқанынан кейін жүргізілген. Поджиали әріптесінен марқұм болған Розаның денесінің қасында тұрып, өзін суретке түсіруін өтінгеннен кейін күдікке ілінген.

Басқа әріптестері оның өте кекшіл екендігін, оған ұнамаған науқастардан есе қайыру үшін қандай болмасын әрекетке барудан тайсалмайтынын айтады. Сондай-ақ, оның жұмыс кезегінде науқастар еш себепсіз жиі өлетін болған.

Полицияның айтуынша, ол науқастарға калий хлоридін көп мөлшерде егу арқылы оларды өлтіріп отырған.