Италияның Әскери-әуе күштері Ливиядағы әскери операцияға қосылады

АСТАНА. 26 сәуір. ҚазАқпарат - Италия Премьер-министрі Сильвио Берлускони Ливияға қарсы шабуылда Италия Әскери-әуе күштерінің ұшақтарын пайдалануға келісім берді.
None
None

Бұл шешімі туралы итальян премьері ең алдымен телефон арқылы АҚШ Президенті Барак Обаманы хабардар етті, деп хабарлайды РБК агенттігі. Берлускони бұл жайында әлі барлық еуропалық елдердің басшыларын да хабардар етпек.

Бұған дейін Рим, Ливияның 40 жыл бойы Италияның колониясы болғанын алға тартып, НАТО операциясына тікелей қатысудан бас тартқан еді. Бірақ та Италия үкіметі БҰҰ қарарына сәйкес Ливия аспанында ұшақтарға ұшуға тыйым салынған кеңістік құруды қамтамасыз ету операциялары үшін өзінің жеті авиациялық базасын берген болатын. Енді Италияның Әскери-әуе күштері Ливиядағы әскери операцияға тікелей атсалысатын болып отыр.

Соңғы жаңалықтар