04:04, 07 Мамыр 2013 | GMT +5
Италияның экс-премьері дүниеден озды
РИМ. 7 мамыр. ҚазАқпарат - Италия Үкіметін бірнеше мәрте басқарған Джулио Андреотти 95 жасында өзінің Римдегі пәтерінде қайтыс болды.

Дж. Андреотти ел парламенті жоғарғы палатасының ең қарт мүшесі болған. Соңғы уақытта ол қоғамдық қызметке араласпады және жақында өткен республика президентін сайлауда дауыс беруге қатысқан жоқ. Соңғы бір жыл ішінде денсаулығы сыр беруіне байланысты оны екі рет ауруханаға жатқызған болатын.
Андреотти 1919 жылғы 14 қаңтарда туған. Өзінің саяси мансабында ол Қаржы, Өнеркәсіп, Ішкі істер, Қорғаныс, Сыртқы істер министрліктерін басқарды. Сонымен қатар, бірнеше рет Италияның министрлер кеңесінің басшысы болды. Андреоттидің соңғы рет премьер болған мерзімі сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреспен есте қалды. Мафиямен байланысты деген айыптау бойынша өзіне қарсы іс қозғалып, ақыр аяғында ақталып шыққан еді.