Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Италияның ең кәрі тұрғыны 111 жасқа толды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Италияның Кальяри (Сардиния аралы) провинциясының тұрғыны 111 жасқа толды.

Италияның ең кәрі тұрғыны 111 жасқа толды

Валерио Пиродди (Valerio Piroddi) өзінің туған күнін отбасымен және көршілерімен бірге қарсы алды. Қарттың екі баласы, алты немересі және бес шөбересі бар, деп хабарлады дүйсенбіде The Local.

Халықаралық ұзақ жасайтындар қоғамының президенті Роберто Пилидің (Roberto Pili) пікірінше, итальяндықтардың Еуропаның қарт тұрғындары болуларына мүмкіндіктер жетерлік. «Ал Пироддидің жүрек соғысы және есте ұстау қабілеті тамаша», -дейді ол.

Ұзақ өмір сүруші күн сайын таза ауада серуендейді және 85 жасқа дейін фермада жұмыс істеген. Ер адам әрқашан дұрыс тамақтануға көңіл бөледі, өсімдіктерден жасалған тағамдарға әуес, ірімшік пен балмұздақты жақсы көреді, мереке күндері шараптан да ұрттап қоятындығы бар.