Италияның Этна тауында жанартау атқылады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Италиядағы Сицилия аймағының шығыс жағалауында орналасқан Этна тауында жанартау атқылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Express.co.uk сайтына сілтеме жасап.

Италияның Этна тауында жанартау атқылады

Зерттеушілер Еуропаның ең белсенді Этна жанартауынан шашылған күл бірнеше жүз метрге атқылағанын растады. Сейсмикалық белсенділіктің өсуі аталған таудағы соңғы бірнеше күнде байқалады. Жергілікті куәгерлер лаваның қызыл ағынын бейнетаспаға түсіріп алған.

Естеріңізге сала кетейік, өткен аптада Бали аралындағы Агунг жанартауы атқылаған болатын. Ұзақтығы бес минутқа созылды, бірақ вулкан аз уақыт ішінде күл мен лаваның едәуір мөлшерін бөліп шығарған. Салдарынан Денпасар халықаралық әуежайы бірнеше авиарейсті кейінге шегерді.

Әлихан Асқарұлы