Италияның Каммарата қаласында үйлер тегін беріледі
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Италияның Каммарата қаласының билігі қала тұрғындарының санын арттыру үшін үйлерді тегін таратып жатыр, деп жазады CNN.
Басылымның хабарлауынша, соңғы бірнеше жылда Италия қалалары тұрғындар санын арттыру үшін үйлерді бір долларға сатуға көшкен.

«Неаполь мен Сицилияның бірнеше қалалары бұл жүйеге ең соңында қосылған, ал Каммарата қаласы бұл жүйеден асып түсіп, үйлерін тегін таратуға көшті. Қала мэрі Винченцо Джамброне депопуляциядан құтылу үшін бос тұрған үйлерді тегін беруге көндіру үшін үш жыл уақыт кетірген. Осылайша ол қазіргі таңда ондаған тұрғын үйді тегін беруге көндірген және жақын арада бұл көрсеткіш арта беретініне сенімді» деп жазады басылым.
Мэрдің айтуынша, Каммарата қаласында жүзге жуық үй бос тұр және олардың барлығы тұрғындарға берілсе, қала тірлігі жанданып шықпақ.








