Италияның оңтүстігінде апатқа ұшыраған кемеде қаза тапқандар саны 62-ге жетті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Италияның оңтүстігіндегі теңіз жағалауында мигрантар мінген кеме апатқа ұшырап, қаза тапқандар саны 100-ден асуы мүмкін. Олардың арасында балалар да бар. Бұл туралы ҚазАқпарат ВВС агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.
None
Фото: Getty Images

Осы уақытта кемінде 62 адамның мерт болғаны анық. Олардың арасында 12 бала бар, оның біреуі нәресте.

Кеме жексенбі күні теңіз жағалауындағы Стеккато-Ди-Кутро атты демалыс аймағы маңында Калабрия қаласының шығыс жағалауында апатқа ұшыраған.

Бортында 200-ге жуық адамы бар кеме жағалауға жетер тұста сынған. Кемеде Ауғанстан, Пәкістан, Сомали, Сирия және Иран азаматтары болған.

Италия билігі теңіз бен құрлықта ауқымды іздеу-құтқару операциясын жүргізіп жатыр. Өрт сөндірушілер мен құтқарушылар тірі қалғандарды іздестіруде, алайда ауа райының қолайсыздығы жұмысты қиындатып жатыр.

«Осы уақытта 80 адам құтқарылды. Олардың арасында кеме суға батып кеткеннен кейін жағалауға жүзіп жеткендер де бар», - делінген жағалау күзетінің хабарламасында.

Тірі қалғандардың бірі адам саудалады деген айыппен тұтқындалды, делінген кеден полициясының хабарламасында.

Белгілі болғанындай, кеме теңізге әдеттегідей Ливиядан емес, Түркиядан шыққан.

Италиялық құтқарушылардың айтуынша, бұл бағыт африкалыққа қарағанда айтарлықтай танымал емес. Дегенмен осыған дейін теңіз арқылы Түркиядан шыққан кемелер Грецияға жетпек болған. Алайда Греция билігі өз саясатын қатаңдата түсіп, енді мигранттар Италияға жетуді көздейтін болған. Бұл өз кезегінде жолды ұзартып, сәйкесінше діттеген жерге жете алмай қалу қаупі де арта түскен.

Осыған дейін Италияда кеме апатқа ұшырап, 40 мигранттың қаза тапқанын хабарлаған болатынбыз.


Соңғы жаңалықтар