Италияның президенті қызметінен мерзімінен бұрын кетуі мүмкін

АСТАНА. 2 қаңтар. ҚазАқпарат - Италия елінің басшысы Джорджо Наполитано президенттік қызметінің екінші жеті жылдық мерзімін толық аяқтамауы мүмкін екенін мәлімдеді.
None
None

«Мен жұмысқа әл-қуатым жеткенше ғана президент болам. Одан артық бір күн де қалмаймын», - деді Италия басшысы халқына арнаған жаңа жылдық сөз сөйлеуінде. Ол президент тағында көп отырмайтынын анық айтты, деп жазады РОСБАЛТ.

87 жасар Наполитано Италия тарихында екі рет сайланған тұңғыш президент. Бірінші рет 2006 жылы ел басқара бастаған ол 2013 жылдың сәуір айында Италияның саяси көшбасшыларының сұрауымен екінші мерзімге қалуға келісті.

Соңғы жаңалықтар