Италияның жаңа Премьер-министрі белгілі болды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Жұма күні Премьер-министр Энрико Леттаның отставкасын қабылдаған Италия Президенті Джорджо Наполитано Флоренция мэрі Маттео Ренциге жаңа үкіметті қалыптастыруға тапсырма берді.
Өткен жылдың желтоқсанында Ренци Демократиялық партияның жаңа көшбасшысы болып танылды. Ал бейсенбіде оның бастамасы бойынша партия Летта үкіметіне сенімсіздік вотумын білдірді.
39 жасар Ренци Италия экономикасын сауықтыру үшін саясаткерлердің аға буынын жаңадан келгендерге жол беру туралы бірнеше мәрте шақырған еді.