ИТАР-ТАСС ақпараттық агенттігі Кеңес Одағы кезіндегі атауын қайтармақ

АСТАНА. ҚазАқпарат - ИТАР-ТАСС ақпараттық агенттігі Кеңес дәуіріндегі атауын қайтармақ. «Российская газета» хабарлағандай, бұл шешім агенттіктің 110 жылдығын мерекелеуге дайындық бойынша өткен ұйымдастыру кеңесінің отырысында қабылданды.
None
None

ТАСС атауын қайтару бастамасы бірауыздан қабылданды. Агенттік құрылтайшысы РФ үкіметі атауын өзгертуді мақұлдағаннан кейін соңғы шешім қабылданады. ТАСС 1925 жылы құрылған, алайда агенттік өз тарихын Санкт-Петербург Телеграф агенттігі (СПТА) құрылған 1904 жылдан бастап жүргізіп келеді. ТАСС республикалық ақпараттық агенттік жұмысын атқарды, сондай-ақ «Кеңес Одағынан тыс жерлерден ақпарат жинау мен таратуға айрықша құқығы және Кеңес Одағы шегінде шетелдік және жалпыодақтық ақпарат тарату құқығы» болған. Кеңес Одағы ыдырағаннан кейін, 1991 жылы ТАСС базасында кеңестік брендін сақтай отырып, ол Ресей ақпараттық телеграф агенттігі болып құрылды. РИА Новости таратылғаннан кейін, ИТАР-ТАСС Ресейдегі жалғыз мемлекеттік ақпараттық агенттік болды. ИТАР-ТАСС-тың бас директоры Сергей Михайлов агенттіктің мемлекеттік БАҚ міндетін ойдағыдай атқара алатынын мәлімдеп, оны қайта құру туралы шешімді қолдады.

Соңғы жаңалықтар