Итін абайсызда атып алған ер адам өз-өзіне қол жұмсады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қайғылы оқиға Ресейдің Наро-Фоминск қаласында болған. 53 жастағы Павел Замковый кеше абайсызда өзінің итін өлтіріп алып, оны үйінен алыс емес жердегі орманға көмді. 27 қазан күні аңшы әйелімен бірге иттің бейітіне келіп, өзін-өзі атып салған.
«Суицид Наро-Фоминсктің шығыс шағын ауданында болды. 53 жастағы ер адам иттің бейітіне әйелімен бірге келген. Ол итті көмген жерді қоршамақ болған. Әйелі күйеуін тыныштандыра алмағанын, оның жылауын тоқтатпай, иттен кешірім сұрағанын айтты. Бірнеше минуттан кейін Павел Замковый қаруды алып, өзінің басынан атты», - деп хабарлады LifeNews құқық қорғау органдарының мәліметтеріне сүйене отырып .
Оқиға орнына жедел көмек көрсету қызметкерлері шықты, алайда ер адамды құтқару мүмкін болмады. Полиция қызметкерлері мен тергеушілер қайғылы оқиға фактісі бойынша тергеу жүргізіп жатыр.