Итке қарап үрген студент қамауға алынды

АСТАНА. 23 шілде. ҚазАқпарат - Флорида университеті футбол командасының мүшесі Антонио Мориссон тәртіп сақшысының итіне қарап үргені үшін қамауға алынды.

Итке қарап үрген студент қамауға алынды

19 жастағы Мориссон төрт аяқтыға қарап үрген шақта полиция қызметкері қызметтік итінің көмегімен көлікті тексеріп жатқан.

Флорида штатының заңы бойынша «қызметтік міндетін орындау кезінде» полиция итінің назарын аудару қылмыс болып есептеледі.

Мориссон алдымен иттің өзіне қарап үргенін алға тартып отыр.