Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Иттер екі жарым метрлік әбжыланнан қожайындарын құтқарып қалды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Желіде төрт иттің өз қожайындарын екі жарым метрге жететін әбжыланнан қорғап тұрған видеосы жарияланды. Бұл туралы Daily Mail хабарлайды.

Иттер екі жарым метрлік әбжыланнан қожайындарын құтқарып қалды

Таиландтың Пхитсанулок провинциясында  тұратын әйелге улы жылан бауырымен жылжып  жақындап қалған. Оны көрген үй жануарлары жыланды тістелеп, қожайынның маңына жолатпауға тырысты. Нәтижесінде, шақырылмаған қонақ үйден кетіп тынды.