Иттің итке достығы Интернет пайдаланушыларды таңқалдырды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Интернет желілерінде әр түрлі видео материалдар жарияланып жатады. Соның ішінде хайуанаттар, жануарлардың адамды таңқалдырар мейірділігі мен достығы жайында түсірілімдер де аз емес. Facebook әлеуметтік желісінің «haberinbizden.com» пайдаланушысы жариялаған иттің қимастығы туралы видео бір тәулікке жетер-жетпес уақыт аралығында 30 мыңға жуық адамның назарына ілікті.

Иттің итке достығы Интернет пайдаланушыларды таңқалдырды

Түсірілімде көлік қағып кеткен итті досы қимастықпен қорғап, көшеден өтіп бара жатқан көліктерге өзінше айбат шегеді.