Иттің үрген дауысынан іске қосылатын кір жуғыш машина жасап шығарылды

АСТАНА. 29 қараша. ҚазАқпарат - Ұлыбританияда иттің үргенінен жұмыс істейтін кір жуғыш машина жасап шығарылды. Өндіруші - JTM Service компаниясы өкілдерінің мәліметінше, бұл тұрмыстық техника, негізінен, мүгедек қожайындарға арналған.

Иттің үрген дауысынан іске қосылатын кір жуғыш машина жасап шығарылды

Кір жуғыш машина­ны іске қосу үшін иттер арнайы басқышты басып, бауды тартуы қажет. Содан кейін қаттылап бір арсылдаса болды. Тұрмыстық техника мүгедек қожайындарына көмектесетін иттер үшін ойлас­ты­рыл­ған. Әдетте иттер кірді маши­наға салуды ғана білгенімен, ары қарай ештеңе істей алмайтын. Енді олар кірді салғаннан кейін не істеу керектігін дағдыға айнал­ды­ратын болды, деп жазады alashainasy.kz.