Иттің үргеніне ашуланған қария үш адамды атып тастады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Португалияда иттің үргені үшін туған көрші дауы салдарынан үш адам ажал құшты. Оқыс оқиға Лиссабон өңірінде орын алды, деп хабарлады Франц Пресс агенттігі.
None
None

Көршінің иті үшін үш адам - қызметтегі полицей, көрші үйде тұрған полицей мен оның ұлы қаза тапты. Олар атысты естігенде көмекке келіп, өздері құрбан болды. Атыстан кейін тағы бір адам зардап шекті, деп хабарланды,

Болжам бойынша 77 жастағы ер адам адамдарды атып тастағаннан соң өз-өзіне қол жұмсамаққа әрекеттенген. Оны полиция ұстап, ауруханаға жөнелтті. Оқиғаның мән-жайын анықтағанда бұл атысқа көрші итінің тоқтаусыз үргені себеп болғаны анықталды.

Соңғы жаңалықтар