IV АЭФ аясында «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ «Ғаламдық экономикадағы кәсіпкерлік» атты жалпы сессия ұйымдастырады

АСТАНА. 26 сәуір. ҚазАқпарат - Үстіміздегі жылғы 3-4 мамыр күндері Астана қаласының Тәуелсіздік сарайында өтетін IV Астаналық экономикалық форум (АЭФ) аясында «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ шағын және орта бизнестің дағдарыстан кейінгі даму мәселелеріне арналған арнайы сессия өткізгелі отыр, деп хабарлады «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ баспасөз қызметі.
None
None

Бұл шара Қазақстан Үкіметі мен «Еуразиялық экономикалық ғалымдар клубы» қауымдастығының қолдауымен ұйымдастырылмақшы.

Астаналық экономикалық форум ел экономикасының және оның жекелеген салалары мен секторларының даму барысы туралы мейлінше өткір мәселелер талқыланатын танымал алаңға айналып отыр. Экономикаға мемлекет тарапынан көрсетілетін қолдау шараларының нәтижелері, әдістері мен тиімділігі - әр форум сайын негізгі тақырып ретінде талқыға түсіп келеді.

Ал осы жылы IV АЭФ аясында шағын және орта бизнес мәселелеріне арналған жалпы сессияны «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ өткізеді. Мұндай бастаманың өзекті болатын орны да бар. Қазақстан экономикасы, жалпы алғанда, онымен бірге жеке секторлар мен кәсіпорындар әлемдік қаржы дағдарысы салдарынан ес жиып, дамудың жаңа, дағдарыстан кейінгі кезеңіне бет алды. «Даму» қоры кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау бағдарламаларын іске асырудағы басты оператор және «Бизнестің жол картасы-2020» Үкіметтік бағдарламасының қаржы агенті ретінде, осы мерзім аралығында шағын және орта бизнес нарығының ахуалы туралы толық қамтылған ақпарат жинады. Отырыс аясында «Даму» қорының басшылығы мен мамандары нарықтың дағдарысты қалай еңсергенін және дамудың жаңа, дағдарыстан кейінгі кезеңіне қалай келгенін көрнекі түрде көрсететін егжей-тегжейлі маркетингтік зерттеудің нәтижелерін де ұсынатын болады.

Бүгінде қазақстандық кәсіпкерлікке оның әрі қарай гүлденуі үшін жаңа дамуының тетіктері қажет. Сессия барысында бизнесті одан әрі қолдау әдістері қызу талқыға салынбақ. Сонымен қатар, осы нарықтың жақын және кейінгі жылдарға экономикалық ахуалы бойынша болжамдар келтіріледі.

Экономика және әлемдік бизнес проблемалары бойынша ұзақ уақыттан бері қомақты зерттеулер жүргізіп келе жатқан шетелдік жетекші сарапшылардың пікірлері «Даму» қоры сессиясының маңызды тақырыптарының бірі болып табылады. Арнайы шақырылған әлемдік деңгейдегі беделді спикерлер өз баяндамаларында дамыған және дамушы елдердегі кәсіпкерлікке жәрдемдесу тәжірибесі туралы кең мағлұмат беріп, ой-пікірлерін ортаға салады.

Соңғы жаңалықтар