20:23, 20 Сәуір 2011 | GMT +5
IV Астана экономикалық форумына Нобель сыйлығының жеті лауреаты қатысады
АСТАНА. 20 сәуір. ҚазАқпарат /Қанат Құлшыманов/ - Ағымдағы жылдың 3-4 мамыры күні өтетін IV Астана экономикалық форумына Нобель сыйлығының жеті лауреаты қатысады.
Бұл туралы Астанада өткен баспасөз конферениясы барысында мәлім болды.
Бүгінгі таңда форумға 3095 адам қатысатындарын қуаттады, оның ішінде 900 шетелдік азамат бар. Астанаға Нобель сыйлығының лауреаттары Роберт Манделл, Джон Нэш, Роджер Корнберг және басқалар келеді деп күтілуде.
«Форум дәстүрге айналып, бүкіл еуразиялық кеңістіктегі ірі диалог алаңы болып табылады», - деді баспасөз мәслихаты барысында Экономиалық даму және сауда вице-министрі Тимур Сүлейменов.