IV Астаналық экономикалық форумның қорытындысы бойынша үлкен жиырмалықтың Самиттіне арналған ақыл-кеңестер дайындалады - Елбасы

АСТАНА. 3 мамыр. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев бүгін Астанада басталған «Жаңа онжылдық: Болашақтар мен талаптар» атты IV Астаналық экономикалық форумының қорытындысы бойынша үлкен жиырмалықтың Самиттіне арналған ақыл-кеңестер дайындалатындығын атап көрсетті.
None
None

Форум барысында бүгінгі жиынға әлемнің белді экономист мамандары мен осы саладағы Нобель сыйлығының иегерлері қатысып отырғандығын және оларға үлкен алғысын білдірген Елбасы осының өзі бүгінгі жиынның интеллектуалдық келбетін көрсететіндігін атап өтті. «Бұл әрине кездейсоқ жағдай емес. Бүгінгі жиынның бастамашысы да оның басты ұйымдастырушысы Ғалымдардың еуразиялық экономикалық клубы. Сондықтан бүгінгі жиын барысында қалыптасқан дәстүр бойынша үлкен жиырмалықтың Саммитіне ақыл-кеңестер дайындалатын болады»,-деді Президент.

Айта кетейік, Екі күнге жалғасатын форум бағдарламасында негізгі үш бағытта, атап айтқанда ғаламдық экономика және қаржы, бизнес және инвестиция, қоғам және тұрақты даму бағыттары бойынша өрбіп, жиырма шақты іс-шараны өткізу қарастырылған.

Форумға экономика, қаржы саласы бойынша әлемнің атақты ғалымдары, жетекші сарапшылар, Нобель сыйлығының иегерлері қатысуда. Мұндай айтулы жиынға атағы жер жарған экономистер мен Нобель сыйлығының иегерлерінің қатысуы басқосу маңызын айқындай түседі.

Сонымен қатар форумның маңызды шараларының бірі - Бреттон-Вуд комитеті және Нобель сыйлығының лауреаты Роберт Манделл өткізетін «Халықаралық валюта жүйесі: экономикалық және монетарлық биліктің жаңа конфигурациясы» конференциясы болып табылады. Оның мақсаты - валюта-қаржы жүйесін өзгерту және жетілдіру мәселелерін, әлемдік және өңірлік валютаны енгізудің негізгі аспектілерін кеңінен талқылау болып табылады. Бұнда спикерлер ретінде Қазақстан, АҚШ, Еуроодақ, Қытай, Ресей, Бразилия және басқа елдердің сарапшылары баяндама жасайтыны күтіледі.

Форум аясында сондай ақ «Қазіргі әлемдегі туризмнің экономикалық ерекшеліктері» сессиясы өтетін болады. Осы шараның мақсаты - мемлекеттік және жекеменшік сектор арасындағы өзара пайдалы ынтымақтастық арқылы туризм саласының бәсекеге қабылеттілігін, туризм саласындағы инвестициялық ынтымақтастықты арттыру, халықаралық ынтымақтастық тәжірибесімен алмасу, туризм саласындағы халықаралық жобаларды жүзеге асыру болып отыр. Бұдан бөлек IV Астана экономикалық форумының аясында «Орталық Азия өңіріндегі азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету» тақырыбындағы сессия жұмысы да жоспарланған. Сессияның жұмысына БҰҰ азық-түлік ауылшаруашылық ұйымының (FAO) Бас директоры Жак Диуф, мемлекеттік органдардың, Орта Азия өңіріндегі елдердің өкілдері, азық-түлік қауіпсіздігі саласындағы сарапшылар мен мамандар, даму институттары, Бүкіләлемдік Банк, Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы (ЭЫДҰ), Кеден одағына мүше елдердің өкілдері, ірі халықаралық және отандық салалық қоғамдық бірлестіктер қатысатыны жоспарланған.

Форум аясында ірі қазақстандық және шетелдік ұйымдар арасында келісімшарттар мен меморандумдар бекітіліп, инфрақұрылымға және банк секторына инвестиция тарту күтілуде. IV Астана экономикалық форумы негізгі нәтижелерінің дәстүрлері бойынша әлемнің 20 жетекші экономикасына қатысушы елдер басшылары үшін ашық хат қабылданады. Онда Еуразияның, мұхитттың ар жағындағы елдердің, Ислам әлемінің және жалпы банк секторындағы пікірлерді біріктіретін әлемдік экономиканы сауықтыру және дамыту бойынша кепілдемелер беріледі.

Соңғы жаңалықтар