IV Азия пара ойындары: Қазақстан спортшылары 25 қазанда қандай жарыстарға қатысады

IV Азия пара ойындары: Қазақстан спортшылары 25 қазанда қандай жарыстарға қатысады
Фото: gov.kz

Қытайдың Ханчжоу қаласында өтіп жатқан IV Азия пара ойындарында бүгін, 25 қазанда Қазақстан құрамасы қандай жарыстарға қатысатыны белгілі болды, деп хабарлайды Kazinform Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Сонымен, 25 қазандағы жарыс кестесі мынадай:

9:03 - Пара жеңіл атлетика. Іріктеу. Жартылай финал. Финал

9:35 - Пара жүзу. Жарысқа дейінгі кезең. Финал

10:00 – Шахмат. 5 раунд, 6 раунд

10:00 - Пара таеквондо. Іріктеу. Жартылай финал. Финал

11:00 - Пара дзюдо Іріктеу. Жартылай финал. Финал

12:30 - Пара нысана көздеу. Іріктеу. Финал

17:00 - Волейболды отырып ойнау (Қазақстан -Тайланд) Топтық раунд.

Айта кетсек, IV Азия пара ойындары 22-28 қазан аралығында өтеді. Жарысқа 22 спорт түрінен 43 мемлекеттен 4000-ға жуық спортшы қатысып жатыр.

Соңғы жаңалықтар