17:50, 21 Қазан 2015 | GMT +5
                                        ІV Еуразиялық форум 22-23 қазанда Веронада өтеді
                                            АСТАНА. ҚазАқпарат - 2015 жылы 22-23 қазанда Верона қаласында (Италия) IV Еуразиялық форум   өтеді. Оны  «Петербор халықаралық экономикалық форумы» қоры мен «Еуразияны танимыз»  қауымдастығы бірлесіп ұйымдастырады.
                                        
                                        
                                     
                                              Бұл туралы ТАСС агенттігі хабарлады.
Алқалы жиынның негізгі тақырыбы - «Экономикалық қарым-қатынасқа деген инновациялық көзқарас және жаңа саяси диалог жолында бірлесу».
Форумға Ресей, Италия, Қырғызстан, Армения, Беларусь, Үндістан, Қазақстан, Қытай мен Оңтүстік Кореяның билік және іскерлік орта өкілдері қатысады.