11:56, 14 Қазан 2017 | GMT +5
Иван Дычко кәсіби рингте екінші жеңісіне нокаутпен қол жеткізді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық боксшы Иван Дычко (1-0, 1 КО) кәсіпқой бокста өзінің екінші айқасын өткізді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА Sports.kz -ке сілтеме жасап.

Ол Тампадағы (АҚШ, Флорида штаты) A La Carte аренасындағы бокс кеші аясында жекпе-жекке шықты. Оның қарсыласы америкалық дебютант Родригес Кейдж болды. Айқас үшінші раундта Дычконың нокаутқа түсіруімен аяқталды. Бұл Иванның кәсіби деңгейдегі екінші жеңісі. Кейдж өз мансабын жеңіліспен бастады.