Иван Дычко келесі жекпе-жегін қашан және қайда өткізетіні анықталды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Олимпиада ойындарының екі дүркін қола жүлдегері Иван Дычко (7-0, 7 КО) кәсіпқой бокстағы келесі жекпе-жегін 1 наурыз күні АҚШ-та өткізеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz-ке сілтеме жасап.

Мәлім болғандай, жекпе-жек Флорида штатының Холливуд қаласындағы Seminole Hard Rock Hotel and Casino кешенінде өтеді.

«Әзірге Дычкоға кім қарсылас болары белгісіз. Крэйг Льюис (14-3-1, 8 КО) бар, бірақ онымен 10 раунд бокстасу керек. Ал Иван соңғы кезде аса белсенді болмағандықтан, 6 раундқа шақталған кездесу өткізген жөн. Сондықтан оппонентті әлі де таңдайтын боламыз. Әзірге бұл тоқетерлік шешім емес, бізге осы уақытта келіп түскен ұсыныстардың бірі. Иван Льюиспен жазда кездесуі керек болған. Бірақ арада үзіліс болғандықтан 6 раундтық жекпе-жек өткіземіз», - дейді боксшының менеджері Зия Әлиев.

Соңғы жаңалықтар